Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Савельева Қазақстан Республикасының қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін Құрылтай отырысында Татьяна Савельеваның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылданды. Оның депутаттық өкілеттігі 7 қазанда тоқтатылды.
Татьяна Савельева 2024 жылдан бастап мәжіліс депутаты қызметін атқарған. Биыл ол «Әділет» партиясынан Құрылтайдың I шақырылымына депутат болып сайланып, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Татьяна Савельева қаржы саласында еңбек етіп, 2016-2023 жылдары Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі қызметін атқарды. Кейін мәжіліс депутаты болып, қаржы және бюджет комитетін басқарды.