Қазақстанда 30 млн теңгелік ән байқауы өтеді — Kazface.kz
Мәдени айнасы

Қазақстанда 30 млн теңгелік ән байқауы өтеді

Қазақстанда 30 млн теңгелік ән байқауы өтеді

Жұлдыз ОРАЗХАН

Қазақстанда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай жалпы жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын республикалық патриоттық әндер байқауы жарияланды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Байқаудың мақсаты - Отан, туған жер және ел бірлігі тақырыбындағы жаңа шығармаларды көпшілікке таныстыру, талантты авторларды анықтау және заманауи патриоттық әндер қорын толықтыру.

Шығармашылық додаға еліміздің барлық өңірінен ақындар мен композиторлар, оның ішінде жас авторлар қатыса алады. Негізгі талап ұсынылатын әндер бұрын еш жерде жарияланбаған және орындалмаған болуы тиіс.

Байқау үш бағыт бойынша ұйымдастырылады:

  • Салтанатты патриоттық әндер;
  •  Лирикалық патриоттық әндер;
  • Заманауи патриоттық әндер.

Қатысушылар бір немесе бірнеше бағыт бойынша өз туындыларын ұсына алады. Шығармаларды кәсіби композиторлар, ақындар мен музыка мамандарынан құралған сарапшылар кеңесі бағалайды.

Байқаудың жалпы жүлде қоры - 30 млн теңге. Бас жүлде иегеріне 6 млн теңге табысталады. Сондай-ақ үш бірінші орынға 4 млн теңгеден, үш екінші орынға 3 млн теңгеден және үш үшінші орынға 1 млн теңгеден беріледі. Жүлде қорын демеушілер қамтамасыз етеді.

Өтінімдер 2026 жылғы 5 желтоқсанға дейін khabar.kz/konkurs сайты арқылы қабылданады. Жеңімпаздар Тәуелсіздік күні қарсаңында жарияланады.