Алматы облысындағы Жіңішке ауылы спутниктік интернетке қосылды — Kazface.kz
Жаңалықтар

Алматы облысындағы Жіңішке ауылы спутниктік интернетке қосылды

Алматы облысындағы Жіңішке ауылы спутниктік интернетке қосылды

Алматы облысындағы Жіңішке ауылының тұрғындары енді спутниктік интернетті пайдалана алады, деп хабарлайды KazFace.kz 

Жоба Қазақстанның «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен QMobile компаниясының бірлесуімен жүзеге асырылды.

OneWeb төмен орбиталық спутниктік жүйесі арқылы өткен жылы байланыс болмаған ауылдарда 329-дан астам қоғамдық Wi-Fi нүктесі іске қосылды. Биыл бұл көрсеткіш 371 ауылға дейін өсті.

Желінің сапасын тексеру үшін министрлік өкілдері Жіңішке ауылына барып, тұрғындардың пікірін тыңдады.
Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Лазизбек Курбантаевтың айтуынша, спутниктік интернет шалғай елді мекендердегі цифрлық теңсіздікті азайтып, тұрғындарға электронды мемлекеттік қызметтер мен заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ауыл тұрғыны Дәулетбек Алпысбаев бұрын жақындарымен хабарласу үшін таудың басына көтерілуге тура келгенін айтты.

«Бұрын тек үй телефоны арқылы сөйлесетінбіз. Туыстарымызбен, балаларымызбен хабарласу үшін таудың басына шығатынбыз. Қазір ауылдың ішінде отырып-ақ, барлық мүмкіндікті пайдалана аламыз», – деді ол.

Министрлік шалғай ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетке қосу жұмыстарын жалғастыруда.