Астанада жол қозғалысы шектеледі — Kazface.kz
Жаңалықтар

Астанада жол қозғалысы шектеледі

Астанада жол қозғалысы шектеледі

10–14 қазан аралығында Астанада бірқатар халықаралық саяси іс-шаралардың өтуіне байланысты көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Осы кезеңде елордада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды KazFace.kz

Мемлекеттік күзет қызметінің мәліметінше, 9 қазаннан бастап Астана аспанында әскери авиацияның ұшқанын байқауға болады. Бұл – жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары. Осыған байланысты тұрғындарды алаңдамауға шақырады.

Халықаралық іс-шаралар кезінде қала көшелеріндегі қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Сондықтан жүргізушілерге жолға шығар алдында навигатор арқылы қозғалыс бағытын тексеріп, сапар уақытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

Тұрғындар мен қала қонақтарына уақытша қолайсыздықтарды ескеріп, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға кеңес беріледі.