89,7 млн теңге жымқырған бухгалтер 7 жылға сотталды — Kazface.kz
Жаңалықтар

89,7 млн теңге жымқырған бухгалтер 7 жылға сотталды

89,7 млн теңге жымқырған бухгалтер 7 жылға сотталды

Жұлдыз ОРАЗХАН

Астанада 89,7 млн теңгені заңсыз иемденген бас бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KazFace.kz.

14 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бас бухгалтер қызметін атқарған К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот мәліметінше, айыпталушы қызметтік жағдайын пайдаланып, бухгалтерлік жүйе арқылы ұйымның 89,7 млн теңгесін өзіне тиесілі жеке кәсіпкерліктің есепшотына заңсыз аударған.

Сот үкім шығару кезінде оның кінәсін мойындағанын, жасаған ісіне өкінгенін және жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді.

Нәтижесінде бас бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылып, 10 жыл мерзімге материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сонымен қатар сот жәбірленушінің азаматтық талабын қанағаттандырып, сотталған азаматтан 89,7 млн теңге өндіру туралы шешім қабылдады. Ұйымдағы ішкі қаржылық бақылаудың кемшіліктеріне байланысты басшылықтың атына жеке қаулы шығарылды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.