Жаңалықтар

Жаңа 2000 теңгелік банкноттар айналымға шықты

Жаңа 2000 теңгелік банкноттар айналымға шықты

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

25 желтоқсанда  Қазақстан Ұлттық Банкі  «Сақ стилі» сериясындағы үшінші банкнота болып табылатын жаңа 2000 теңгелік банкнотаны айналымға енгізді,- деп хабарлайды KazFace.kz.

Жаңа банкноттар 2025 жылдың екінші тоқсанында толық көлемде қолданысқа шығарылады. Банк өкілдерінің айтуынша, қосымша уақыт қажет, себебі банкноттарды банкоматтар, терминалдар және басқа да төлем жүйелеріне енгізу үшін оларды барлық өңірлерге жеткізу керек.

Ұлттық Банктің мәлімдеуінше, жаңа банкнота Қазақстанның көшпенді мәдениетін және елдің бай мұрасын көрсету мақсатында «Сақ стилі» негізінде жасалған.

Банкноттың түсі – жасыл, ал бетінде «Өмір ағашының» бұтағы мен көкте қалықтап ұшқан құс бейнеленген. Кері жағында қазақтың дәстүрлі ою-өрнегімен безендірілген қалқанның фонында ақбөкендер бейнеленген. 

Жаңа банкноталар 2024 жылдың 25 желтоқсанынан бастап айналымға енгізіледі. Ескі 2012 жылғы үлгідегі банкноттармен олар қатар жүреді және 18 ай бойы ауыстырылатын болады.

Ұлттық банк өкілдері жаңа банкноталарды енгізу барысында халыққа ескі банкноталарды жаңаға ауыстырудың қажеті жоқ екенін ескертеді. Ескі және жаңа банкноттар 2025 жылдың 25 желтоқсанынан бастап 2026 жылдың 24 маусымына дейін қатар айналымда болады. Ал 2026 жылдың маусымынан бастап 2029 жылдың 25 маусымына дейін ескі банкноталарды кез келген екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» арқылы айырбастауға болады.