Жаңалықтар
Пресс-релиз

Almaty Superski жобасы жастарға жаңа мүмкіндік ашады

Almaty Superski жобасы жастарға жаңа мүмкіндік ашады

Алматыда өтіп жатқан «Көкжайлау шатқалында Almaty Superski тау курортын салу» жобасына арналған қоғамдық тыңдауда тау курорттары альянсының өкілі Андрей Кукушкин жобаның әлеуметтік және экономикалық маңызына тоқталды, деп хабарлайды KazFace.kz

Жоба бастамасын қолдайтын сарапшының айтуынша, экологиялық мәселелер алғашқы кезеңнен бастап басты назарда болған.

«Жоба командасы экологиялық аспектіні 2014 жылдан бастап негізгі басымдық ретінде қарастырды. Барлық зерттеу мен жоспарлау жұмыстары табиғатты қорғау талаптарын ескере отырып жүргізілді», – деді Андрей Кукушкин.

Ол Алматының тау туризмін дамытуда үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті. Сарапшының сөзінше, көрші Бішкек қаласының да тау жүйесі бар, алайда Алматы секілді қала маңында ірі туристік-экономикалық инфрақұрылым қалыптастыру мүмкіндігі жоқ.

«Алматыда жүзеге асырылатын бұл жоба қала экономикасына жаңа серпін береді. Мұндай ауқымды тау курортының мегаполиске жақын орналасуы – бірегей мүмкіндік», – деді ол.

Сарапшының пікірінше, Almaty Superski жобасы жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, жастарға заманауи әрі жоғары технологиялық салаларда еңбек етуге жол ашады.

«Бұл жоба жастардың кәсіби дамуына мүмкіндік береді. Олар біліктілікті қажет ететін заманауи туристік индустрияда жұмыс істей алады. Бұл қарапайым бейресми еңбекпен шектелмей, жаңа экономиканың бір бөлігіне айналуға жол ашады», – деді Андрей Кукушкин.

Қоғамдық тыңдау барысында мамандар жобаның туристік әлеуетті арттырып, Алматыны халықаралық деңгейдегі төрт маусымдық тау туризмі орталығына айналдыруға ықпал ететінін айтты.