Билік
Пресс-релиз

Ұлттық құрылтайдағы бастамалар талқыланды

Ұлттық құрылтайдағы бастамалар талқыланды

Қазақстан Республикасы президенті іс баасқармасына қарасты президенттік орталықта мәжіліс депутаты, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі Вера Кимнің қатысуымен "Адал азамат – Адал еңбек" атты қонақ дәрісі өтті. Бұл шара мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтай отырысында көтерген бастамалары мен жобаларын талқылауға арналды, деп хабарлайды Kazface.kz

Дәріске Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушылары мен елордалық жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Шара барысында Қазақстандағы этносаралық татулықты нығайту, денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Президенттің басты мақсаты – халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру екендігі ерекше атап өтілді.

"Мемлекет басшысы қоғамдағы бірліктің маңыздылығын, сондай-ақ экономикалық және саяси реформалардың қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, экологияны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және "жасыл" энергетика жобаларын дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Бұл бастамалар Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыруға да ықпал етеді" – деді Президенттік орталықтың директоры Бақытжан Темірболат.

IV Ұлттық құрылтай барысында мемлекет басшысы экологияны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану шараларын жүзеге асыруға ерекше назар аударды. Сонымен қатар, қазақ мәдениеті мен мемлекеттік тілді сақтау және насихаттау бастамалары да көтерілді. Бұл бағыттар еліміздің болашақтағы тұрақты дамуы үшін аса маңызды болып табылады.

"Адал азамат – Адал еңбек" тақырыбындағы дәрісінде мемлекет басшысының әділетті қоғам құру идеясын қолдай отырып, қазіргі заманғы сын-қатерлерге төтеп беру үшін әрбір азаматтың жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті. "Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басуда. Президент ұсынған стратегиялық міндеттер бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Бұл әр азамат үшін еліміздің өркендеуіне үлес қосуға берілген мүмкіндік" – деді мәжіліс депутаты Вера Ким.

Президенттік орталықта өткен бұл дәріс мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын талқылау алаңына айналды. Қатысушылар Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, ел дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді. Қазақстанның өркендеуі әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігіне байланысты екені тағы бір мәрте расталды.