Жаңалықтар

Айгерімнің Вьетнамдағы ұлттық мейрамханасы

Айгерімнің Вьетнамдағы ұлттық  мейрамханасы

Вьетнамда алғаш рет қазақ ұлттық тағамдарын ұсынатын мейрамхана ашылды. Оны Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай өңірінің тумасы Айгерім есімді қазақ қызы ашқан, деп хабарлайды Kazface.kz тілшісі. 

«Астана» деп аталған бұл мейрамхана Вьетнамға саяхаттап келген отандастар үшін нағыз отанның дәмін сағынғандарға арналған орынға айналды.Айгерім бұған дейін 15 жыл бойы тігін цехында еңбек еткен, кейін шетелде жұмыс істеу үшін Кореяға, одан соң Вьетнамға қоныс аударған. 

«Шетелде жүргенде қазақтың тағамдарын қатты сағындым. Өзім секілді шетелде жүрген қандастарға таныс әрі дәмді ас ұсынсам дейтін арманым орындалды», – дейді ол.

«Астана» мейрамханасы ұлттық нақышта безендірілген. Ішінде қазақтың киіз үй элементтері, ұлттық киімдер мен сәндік бұйымдар бар. Мейрамхана мәзірінде бауырсақ, манты, пельмени, чебуреки, қазақша сорпа және дәстүрлі бешбармақ секілді тағамдар ұсынылады. 

«Бұл жақта қазы табу қиын, сондықтан қолда бар өнімдермен ұқсатып дайындаймыз. Бауырсақты өзім илеймін, ал басқа тағамдарды дайындауға жергілікті вьетнамдықтар көмектеседі», – дейді Айгерім. 

Айтуынша, Вьетнамдағы көп мейрамханалар санитарлық талаптарға сай келмейді. Сондықтан да қазақ мейрамханасы келушілер үшін ерекше таза әрі жайлы орын болып отыр. Туристердің айтуынша, бірнеше күн теңіз тағамдарын жегеннен кейін қазақтың үйреншікті дәмін аңсайды екен.

Айгерімнің мейрамханасы шетелдегі қазақтар үшін ғана емес, жергілікті тұрғындар мен өзге ұлт туристері үшін де ұлттық мәдениетімізді таныстыратын орынға айналып отыр.