Қоғам

Астанада Тәуелсіздік даңғылында қозғалыс шектеледі

Астанада  Тәуелсіздік даңғылында қозғалыс шектеледі

Астанада 24 және 25 мамыр күндері Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігінде – Майлин көшесінен бастап Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды KazFace.kz.

Қозғалысты шектеудегі себеп- аталған учаскеде жүріп жатқан орташа жөндеу жұмыстары. Жол кептелістерін азайту мақсатында көлік қозғалысы кезең-кезеңімен, қос бағытта, бірақ жолдың бір жағымен ғана жүзеге асырылады.

Қала әкімдігі жүргізушілерден уақытша жол белгілеріне мұқият қарап, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды. Сондай-ақ таңғы және кешкі қарбалас уақытта жолда кідірістер болатынын ескерген жөн.