Билік

Дархан Сатыбалды Алматы қаласының жаңа әкімі

Дархан Сатыбалды Алматы қаласының жаңа әкімі

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Бүгін  Досаевтың орнына Алматының жаңа әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалды. Бұл тағайындауға дейін ол Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды Kazface.kz

51 жастағы Дархан Сатыбалды экономист, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты. Бұған дейін Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, сенатор, сондай-ақ Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болған. 2022–2025 жылдары Түркістан облысын басқарды.

Дархан Сатыбалды көпбалалы отбасында тәрбиеленген. Алты ағайындының ішінде тек өзі ғана мемлекеттік қызметте. Ол ағаларының Алматыда немесе басқа өңірлерде бизнеске араласпайтынын мәлімдеген.

Бұл жаңалық желіде қызу пікірталас тудырды. 

Олар: “Алматы әкімі өзіміздің қаладан болғаны дұрыс емес пе?”, “Алматылық табылмады ма?”, “Шымкенттің адамы Алматыда не істеп жүр?” деген сияқты түрлі пікір білдіруде.

Айта кетейік, бүгін Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев қызметінен ресми түрде босатылды.