Қоғам

Қазақстанда бала туу көрсеткіші күрт төмендеді

Қазақстанда бала туу көрсеткіші күрт төмендеді

2025 жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда бала туу деңгейі рекордтық деңгейде төмендеді, деп хабарлайды KazFace.kz.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, қаңтар-наурыз айларында елде 78 мыңға жуық нәресте дүниеге келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16%-ға аз.

Бала туу көрсеткішінің ең үлкен төмендеуі Ақмола және Жетісу облыстарында тіркелді. Сонымен қатар, өлім-жітім деңгейі 7%-ға азайғанымен, табиғи өсім де 20,7%-ға қысқарған. Осылайша, Қазақстан халқы соңғы бір жылда бар болғаны 46,3 мың адамға ғана артқан.

Мамандар бұл үрдісті әлеуметтік және экономикалық факторлармен байланыстырады. Сарапшылардың пікірінше, туу көрсеткішінің азаюы елдегі демографиялық жағдайға тікелей әсер етуі мүмкін.