Астанада Тәуелсіздік даңғылының тағы бір бөлігі жабылады

Астанада Тәуелсіздік даңғылының бірқатар бөліктерінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды KazFace.kz.
19-20 мамыр аралығында Тәуелсіздік даңғылының Құрманғазы Дина (Күйші Дина) көшесінен бастап Б. Майлин көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс жартылай жабылады.
Ал 21-22 мамыр күндері жөндеу жұмыстары Б. Майлин көшесінен бастап Б. Момышұлы даңғылына дейін жалғасады.
Әкімдік мәліметінше, көлік қозғалысы екі бағытта кезең-кезеңімен, жолдың бір жағымен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден уақытша шектеулерді ескеріп, өз бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралады.
Қай көшелерде жөндеу жүріп жатыр?
Қазіргі уақытта елордада 10-нан астам көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Толығымен жабылған көшелер:
• Қайсенов көшесі – Бұқар жырау көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін. Жабылу мерзімі: 20 сәуір – 20 тамыз. Қозғалыс ішкі аулалық жолдар арқылы ұйымдастырылған;
• Күйші Дина көшесі – “Мирас” мектебінен Жұмабаев даңғылына дейін. 9 сәуір – 30 тамыз аралығында жабық;
• Молдағалиев көшесі – Е-41 көшесінен Е-32 көшесіне дейін. 29 сәуір – 30 тамыз аралығында жабық;
Жартылай жабылған көшелер:
• Қалдаяқов көшесі – Тәуелсіздік даңғылынан Нажімеденов көшесіне дейін. 14 – 25 мамыр;
• Күршім көшесі – Болашақтан Жаңақоныс көшесіне дейін. 11 – 18 мамыр;
• Шыңғыс Айтматов көшесі – Молдағалиевтен Ұлы дала даңғылына дейін. 11 – 17 мамыр;
• “Арқар” көпірі (М1) – 10 – 20 мамыр аралығында жабық;
• Абылай хан даңғылы – Манас көшесінен Б. Момышұлы даңғылына дейін. 9 – 13 мамыр;
• Жұмабаев даңғылы – Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейін. 9 – 19 мамыр;
• Алаш тас жолы – 191 көшесінен 69 көшесіне дейін. 8 – 13 мамыр;
• Кенесары көшесі – Сембиновтан Брусиловскийге дейін. 5 – 15 мамыр;
• Бейісекова көшесі мен Н. Тілендиев даңғылы қиылысы – 1 мамыр – 1 тамыз аралығында көлік айрығы жабық, алты жолақ сақталған уақытша жолмен қозғалыс ұйымдастырылған.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы өзгерістерге түсіністікпен қарап, балама бағыттарды пайдалануға кеңес беріледі.