Әлем жаңалықтары

Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Boeing 787 Dreamliner жолаушылар ұшағы Үндістанның Ахмедабад қаласынан Лондонға бағыт алған сәтте апатқа ұшырады, деп хабарлайды KazFace.kz.

Ұшақ Сардар Патель халықаралық әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай қала шетіндегі халық тығыз орналасқан Меганинагар ауданында құлады. Ұшақ бортында 242 адам болған. Оның  230 жолаушы, 2 ұшқыш және 10 бортсерік.

Қазіргі уақытта апат орнына шұғыл қызмет өкілдері мен құтқарушылар тартылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге аман қалғандар туралы нақты ақпарат жоқ, бірақ куәгерлер бірнеше адамның ғимараттар арасынан тірі шығарылғанын хабарлауда.

Апат сәтінен кейін түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Кадрларда қою түтін мен жалын, көмек сұрап айқайлаған адамдар және апат орнына бет алған жедел жәрдем көліктері көрінеді.

Айта кетейік, бұл бағыттағы рейсті жергілікті тұрғындар “Арман лайнері” деп атап кеткен екен Үндістан мен Ұлыбританияны байланыстыратын ең танымал әуе бағытының бірі.