Әлем жаңалықтары

Ли Чжэ Мен Оңтүстік Кореяның жаңа президенті

Ли Чжэ Мен Оңтүстік Кореяның жаңа президенті

Оңтүстік Кореяда Юн Сок Ёльдің импичментінен кейін кезектен тыс президент сайлауы өтіп, жаңа президент сайланды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Екі ай бұрынғы саяси дағдарыс кезінде бұрынғы президент елде әскери төтенше жағдай енгізбек болып, бұл әрекеті билікті басып алуға талпыныс ретінде бағаланған еді.

Сайлау қорытындысы бойынша, 61 жастағы Ли Чжэ Мен жеңіске жетіп, 49,42 пайыз дауыс жинады. Ол – «Тобуро» Демократиялық партиясының өкілі. Негізгі қарсыласы Ким Мун Су жеңілісін мойындады.

Ли Чжэ Мен қызметіне кірісе салысымен бірқатар саяси реформаларды жариялады. Атап айтқанда, ол Конституцияны өзгертіп, президенттік өкілеттік мерзімін 4 жылға қысқартуды және бір рет қайта сайлану мүмкіндігін енгізуді ұсынады. Сонымен қатар, елде әскери жағдай енгізу үшін парламенттің міндетті түрде келісімі қажет болатын норманы заңдастыруды көздеп отыр.

Жаңа президенттің бұл қадамдары елдегі демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған қадам ретінде қабылдануда.