Билік

Сот Астаналық тұрғынның шағымын қабылдамады

Сот Астаналық тұрғынның шағымын қабылдамады

Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот елорда тұрғынының  Қорғаныс министрлігіне қарсы шағымын қараудан бас тартты, деп хабарлайды KazFace.kz.

Дәулет Алмуратов 7 мамыр күні әскери парадты өз балконынан көруге тыйым салынғанына наразы болып, министрліктің әрекетіне шағымданған.

Алайда сот бұл істің әкімшілік сотта қарауға жатпайтынын мәлімдеді. Себебі Қорғаныс министрлігінің жауабы түсіндірме сипатында ғана берілген және азаматтың құқықтарына заңдық салдар тигізбейді.

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.