Жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша айыпталушыларға неше жыл берілмек?

Шерзат ісі бойынша  айыпталушыларға  неше  жыл берілмек?

Шерзат Полаттың  іс бойынша мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсембай айыпталушыларға қатысты қатаң жаза тағайындауды сұрады. Ол сотқа берген өтінішінде қылмыстық кодекстің бірқатар баптарына сәйкес жауаптыларды кінәлі деп танып, бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдерін белгілеуді ұсынды, деп хабарлайды Kazface.kz


Прокурордың айтуынша, қылмыстық әрекеттердің қоғамдық қауіптілігі жоғары және кінәлілердің әрқайсысы өз жазасын толық өтеуі тиіс. Ол айыптаушыларға 7-20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. 


Шерзатпен шамалас Ысқақ Думан Қайдарұлына  ҚР ҚК 434-бабы (қылмысты жасыру) бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы сұралды. Ол тағайындалған жаза бойынша  кәмелетке толмағандарға арналған орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуі тиіс.


Әскентай Дархан, Белгіжаев Шыңғыс, Тоқтаубаев Нұрбол және Калияхмет Дидар — ҚР ҚК 293-бабы 7-бөлігі (топ болып бұзақылық жасау) бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру ұсынылды.


Ильяс Нұрқияс Төлепбекұлы — 293-бап 3-бөлігі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру, ал ҚК 60-бабына сәйкес бұрынғы үкіммен ішінара қосу арқылы жалпы жаза — 9 жыл.


Тоқтаубаев Азамат Маратбекұлы — ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі және 188-бап 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, ішінара қосу арқылы 9 жыл, ал ҚК 58-бап 6-тармағына сәйкес бұрынғы үкіммен қоса есептегенде — 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.


Сакиев Равиль Магамедович — ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі және ҚК 24-бап 3-бөлігі мен 99-бап 2-бөлігінің 7, 9-тармақтары (адам өлтіруге оқталу, алдын ала сөз байласу арқылы) бойынша кінәлі деп танылып, жаза мерзімдерін ішінара қосу арқылы 20 жылға бас бостандығынан айыру ұсынылды.


Барлық айыпталушылар жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеуі тиіс.