Билік
23-го мая 2025 г. 13:45
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Василий Лавренов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап KazFace.kz тілшісі хабарлайды.
Василий Лавренов 1979 жылдың 17 қарашасында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, ал 2004 жылы Жапониядағы Дюку университетінің құқық мектебін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестікте заңгердің көмекшісі ретінде бастаған. Оның соңғы жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Айта кетейік, Атом энергиясы жөніндегі агенттік 2025 жылдың наурыз айында құрылған болатын.