Депутат Мұқаев: «Мен емес, көмекші балалар салды»

Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев өзінің парақшасында Сара Назарбаеваның қазасы туралы пост салып, жалған ақпарат таратты, деп хабарлайды Kazface.kz.
Халық аузын ашса, құлақ түріп тыңдап жүрген депутат жалған ақпарат таратып қана қоймай, жазбаны жазған мен емес деп жалтаруда. Млн-нан астам оқырманы бар Дәулет Мұқаевтың ресми парақшасын да өзі жүргізбейді екен. Оны өзі растады.
«Парақшамды көмекші балалар жүргізеді. Басқа да әлеуметтік желілер де сол кісінің өлімі жайлы тараған еді. Мүмкін, соны көшіріп салған болар. Мен емес, көмекші балалар салды. Дәл осы дүниеге қатысты мен кешірім сұраймын», – деді ол.
Депутат – халық өкілі, заң шығарушы биліктің мүшесі. Мұндай лауазымды тұлғаның жалған ақпарат таратуы қоғам сеніміне селкеу түсіруі мүмкін.
Айта кетейік, Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде жалған мәлімет таратқандарға қатысты жауапкершілік қарастырылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай әрекет үшін әкімшілік айыппұл салу немесе басқа да шаралар көзделген.
Ал депутат болса, кешірім сұрап құтылып кетпек. Мұқаевқа бұл жаза қолданар ма екен?