Халит Эргенч пен Рыза Коджаоғлу жалған куәлік үшін сотталды

Ыстамбұлда танымал актерлер Халит Эргенч пен Рыза Коджаоғлуға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KazFace.kz.
Олар 2013 жылғы Гези саябағындағы наразылықтарға байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша жалған куәлік берді деп танылды. Халит Эргенчті сот 1 жыл 10 ай 15 күнге және Рыза Коджаоғлу 1 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Аталған іс алғашында экологиялық наразылық ретінде басталып, кейін үкіметке қарсы жаппай митингілерге ұласқан Гези саябағындағы оқиғаларға байланысты қозғалған. Актерлер тергеу кезінде куә ретінде шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет бергені үшін айыпты деп танылды.
Сот үкімі кейінге қалдырылды, бұл жазаның болашақта жеңілдетілуі мүмкін екенін білдіреді. Қоғамда бұл шешім үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.