Жаңалықтар
30-го мая 2025 г. 21:02
Алматыда ғасыр жасаған соғыс ардагері Александр Журавлевтің 100 жылдық мерейтойы аталып өтті. Оны Алматы өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері құттықтады, деп хабарлайды Kazface.kz
Ардагерге Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың арнайы хатын табыс етті.
Александр Журавлев 17 жасында майданға аттанып, Карелия мен Украинада шайқасқан. Жеңісті Берлинде қарсы алып, соғыстан кейін Будапешт пен Дағыстанда әскери қызметін жалғастырған. Кейін бейбіт өмірде құрылыс инженері болып еңбек етті.
Ардагер І дәрежелі Отан соғысы ордені мен бірнеше жауынгерлік медаль иегері.