Әлем жаңалықтары

Дубайдағы 67 қабатты зәулім үйден өрт шықты

Дубайдағы 67 қабатты зәулім үйден өрт шықты

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Дубай қаласындағы Dubai Marina ауданында орналасқан 67 қабатты Tiger Tower тұрғын үй кешенінде ірі өрт шықты, деп хабарлайды KaFace.kz.

Өрт кезінде ғимараттағы 764 пәтерде тұратын 3 820 тұрғын қауіпсіз жерге шұғыл эвакуацияланған. Дубайдың БАҚ істері жөніндегі басқармасының мәліметінше, өртті толық оқшаулау үшін алты сағат қажет болған. Дегенмен, ғимарат әлі де түтінмен көмкерілген күйінде қалып отыр – бұл салқындату жұмыстарының жалғасуына байланысты.

Қазіргі таңда жағдай толық бақылауда, тұрғындарға қауіп төндірілмейді деп хабарлады Дубайдың ресми органдары.

Өрттің шығу себептері мен келтірілген залал мөлшері туралы әзірге нақты ақпарат берілген жоқ. Жергілікті билік пен төтенше жағдай қызметі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, Tiger Tower — Дубай Маринадағы биік әрі танымал тұрғын үйлердің бірі саналады.