Жаңалықтар

Экс-депутат заңсыз субсидияны қалай пайдаланған?

Экс-депутат заңсыз субсидияны қалай пайдаланған?

Алматы облысы Қарасай ауданы мәслихатының бұрынғы депутаты мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды KazFace.kz. 

Ол жалған құжаттар арқылы 947 миллион теңгеге таңқурай көшеттерін сатып алғанын көрсетіп, соның негізінде 474 миллион теңге көлемінде субсидия алған.

Тергеу мәліметінше, күдікті қылмыстық жолмен тапқан қаржының бір бөлігін Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер мен Toyota Highlander автокөлігін сатып алуға жұмсаған. Сонымен қатар, 170 миллион теңгені Қонаев қаласындағы казиноға ұтылып қалған.

Қазіргі таңда күдіктінің мүлкіне, 50 миллион теңге көлеміндегі ақшалай қаражатына және 91 миллион теңгеге бағаланған бағалы қағаздарына тыйым салынды.

Сот санкциясымен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.