Жаңалықтар

"Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Түркияда ұсталды

"Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Түркияда ұсталды

"Астана LRT" компаниясының экс-басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды KazFace.kz

Оған іздеу жарияланғаннан кейін Қазақстан тарапы Түркия әділет министрлігіне экстрадициялау жөнінде ресми сұрау жолдаған. Осыдан кейін түрік құқық қорғау органдары Арданды іздестіре бастаған.

Белгілі болғандай, Талғат Ардан Анталья қаласында жасырынып жүрген. 9 мамыр күні Түркия соты оны Қазақстанға депортациялау туралы шешім шығарды.

Еске сала кетейік, Талғат Ардан Қазақстанда аса ірі көлемде ақша жымқыру ісі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Қазіргі таңда оны елге қайтару ісі жүргізілуде.