Қоғам

Астанада қазақ тілі курсына тегін жазылуға болады

Астанада қазақ тілі курсына тегін жазылуға болады

Астанада 18 жастан асқан барлық қала тұрғындары қазақ тілін үйренуге арналған тегін курсқа қатыса алады, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Өтініштер 19–31 мамыр аралығында қабылданады. Қазақ тілі сабақтары 3 маусымнан бастап офлайн форматта өткізіледі.

Курстар келесі мекенжайларда өтеді: Бейбітшілік көшесі, 9, КГУ «Руханият», Рақымжан Қошқарбаев көшесі, 50,  Бөгенбай батыр даңғылы, 52, Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы
Қатысуға өтінішті Бейбітшілік көшесі, 9, 209-кабинетке барып тапсыруға болады.

Бұл бастама елорда тұрғындарының мемлекеттік тілді меңгеруіне қолдау көрсетіп, тілдік орта қалыптастыруға бағытталған.