Ақмола облысында бір жылда 9 жаңа мектеп ашылған

Ақмола облысында 2024-2025 оқу жылында білім беру инфрақұрылымы айтарлықтай жаңарды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 9 жаңа мектеп ашылып, тығыз мектептер мәселесі шешімін тапты., деп хабарлайды KazFace.kz.
Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева мәлімдеді.
Целиноград ауданында орын тапшылығы 8 есеге, Көкшетауда бір жарым есеге азайған. Бұланды ауылындағы апатты мектеп мәселесі де шешілді. Жаңа оқу жылында тағы 5 мектеп ашу жоспарланып отыр.
Облыста 65 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Жазда 93% бала демалыспен, 100% түрлі іс-шаралармен қамтылады. 16 тұрақты, 208 күндізгі лагерь мен 350 бейіндік алаңда 70 мың оқушы демалады.
Сонымен қатар кәсіптік білім беру саласында да даму бар. Облыстағы 29 колледжде 19 мыңнан астам студент оқиды, олардың 6 мыңнан астамы биыл түлейді. Бірқатар заманауи жобалар жүзеге асып, педагогтер үшін Сингапурда тағылымдамалар өткізілді.