Қоғам
28-го мая 2025 г. 15:25
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылы шегірткелер 2,1 млн гектар жерге таралуы мүмкін екенін мәлімдеді. Қазірдің өзінде 14 өңірде 596,3 мың гектар аумақта өңдеу жұмыстары атқарылған, деп хабарлайды KazFace.kz.
Жұмыстар вице-министрлер мен арнайы құрылған жедел штабтардың бақылауында. Министр Айдарбек Сапаров Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы ахуалды жеке назарда ұстап отыр.
Күреске 443 арнайы техника мен 4 625 маман жұмылдырылған. Қажетті препараттар жеткілікті.
Министрлік әлеуметтік желілерде тараған шындыққа сәйкес келмейтін бейнематериалдарға сенбеуге шақырып, жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жауапқа тартылатынын ескертті.
Ресми ақпаратты тек министрлік пен облыс әкімдіктерінің дереккөздерінен алу ұсынылды.