Қоғам

Қазақстанда банктер арасындағы аударымдар

Қазақстанда банктер арасындағы аударымдар

Осы жылдың маусым айынан бастап Қазақстанда телефон нөмірі арқылы әртүрлі банктер арасында ақша аударуға мүмкіндік туады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды KazFace.kz.

Қазіргі таңда Ұлттық төлем корпорациясы жаңа жүйеге тоғыз банкті кезең-кезеңімен қосуда. Олардың қатарында: Halyk Bank, Банк ЦентрКредит, Freedom Bank, Altyn Bank, RBK, Bereke Bank, Forte, Home Credit Bank және Нұрбанк бар. Алғашқы бес банк клиенттері маусым айында-ақ жаңа қызметті пайдалана алады.

Сонымен қатар, әмбебап QR-код арқылы төлем жасау да енгізіледі. Яғни, кез келген банктің клиенті басқа банктің терминалы арқылы төлем жүргізе алады. Бұл – клиенттер үшін ыңғайлы әрі қолжетімді жүйе болмақ.

Комиссия мәселесі банктердің өз еркінде қалады. Дегенмен, Ұлттық банк арнайы тарифтік кеңес құрып, төлем қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, 2024 жылдың 15 қарашасында бірегей QR-код арқылы төлем жүйесі алғаш рет таныстырылған болатын. Енді бұл жүйе кезең-кезеңімен іске