Билік

Қазақстан мен Қытай 24 құжатқа қол қойды

Қазақстан мен Қытай 24 құжатқа қол қойды

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуі аясында Қазақстан мен Қытай арасында 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Құжаттар энергетика, аэроғарыш, цифрландыру, кеден, ауыл шаруашылығы, электронды сауда, туризм, медицина, медиа, ғылым және өңіраралық байланыстарды қамтиды.

Сондай-ақ, инвестицияларды қорғау, техникалық және экономикалық ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды.

Бұл құжаттар екі елдің стратегиялық әріптестігін тереңдетіп, бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.