Экс-депутат пен кәсіпкер 8,5 млрд теңге жымқырғаны үшін сотталды

Астанада мәслихаттың бұрынғы депутаты А. Беленцева мен кәсіпкер Д. Мергенбаев аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Олар 2020 жылы «Олимп Транс Сервис» ЖШС арқылы Ерейментау ауданында жел электр станциясын салу бойынша 23,2 млрд теңгеге келісімшарт жасап, жалған келісімдермен 8,5 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған.
Сот санкциясымен құны 13 млрд теңге болатын мүлікке – зауыт, демалыс базасы, арнайы техника мен көліктерге тыйым салынды.
Сот үкімімен Беленцева 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, ал Мергенбаевқа 6 жыл 8 ай түрме жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот 8,5 млрд теңге көлеміндегі азаматтық талап-арызды қанағаттандырды. Бұл мүлікке қойылған тыйым азаматтық талап толық орындалғанға дейін күшінде қалады.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.