Спорт әлемі

Теннисші Зарина Диас Жапонияда жеңіске жетті

Теннисші Зарина Диас Жапонияда жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Курумеде (Жапония) өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Kazface.kz

Финалдық кездесуде ол жапониялық Аяно Шумицудан басым түсіп, турнир чемпионы атанды.

Тартысты матч 1 сағат 24 минутқа созылды. Диас екі сетте жеңіске жетті — 6:4, 6:3 есебімен. Осылайша, Зарина кәсіби мансабындағы кезекті табысын қоржынға салды.

Әлеуметтік желі қолданушылары жеңісті қуанышпен қабылдап, спортшыға жылы лебіздерін жаудырды:


«Керемет! Құтты болсын! Табысыңа нұр жаусын! Биік белестерден көріне бер!», — деп жазып жатыр жанкүйерлер.