Спорт мектебінде уланған балалардың жағдайы не болды?

Щучье қаласындағы «Жақсы-2» спорт мектебінде өткен футбол турнирі кезінде балалардың жаппай улану фактісі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, деп хабарлайды KazFace.kz.
Санитариялық бақылау депатаментінше қазір бұл іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа улану жағдайлары тіркелмеген, барлық балалар үйлеріне оралған.
Еске салсақ, 210 баланың қатысуымен өткен жарыс жекеменшік негізде ұйымдастырылған және жергілікті әкімдікпен келіспеген. Қостанай, Алматы, Павлодар облыстарынан, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген балалардың арасынан 18 балада бактериалдық инфекция анықталды. 10 бала ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаторлық бақылауға алынды.
Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары мен зертханалық сараптамалар жүріп жатыр.