Спорт әлемі

Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті, деп хабарлайды KazFace.kz.

Қазақстан футбол федерациясы таратқан ақпарат бойынша, еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды. Қазақстан футбол федерациясы Черчесов пен оның штабына атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, болашақта табыс тіледі.

Еске сала кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері болып 2024 жылдың маусымында тағайындалды. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен ғана тең ойнап, 1 ұпай жинады. Жаттықтырушы тұсында команда бірде-бір гол соқпады.

Одан бөлек жеке Черчесовтың айналасында түрлі даулар орын алды. Ол журналисттер тарапынан қойылған сұрақтарға дөрекі жауап беріп көптің ашуына тиді. Кейін, мемлекеттік тілді мазақ етті деп айыппұл төлеген болатын.