Спорт әлемі

Черчесов қазақ тілін кемсітуін қояр емес

Черчесов қазақ тілін кемсітуін қояр емес

Қазақстан футбол командасының бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тілін мазақ еткені үшін 738 400 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Қазақ тілінде сауал қойған журналисті мазақ еткен Черчесовктің басы тағы дауға қалды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Бәрменқұлов айтты.

"Әрине, Черчесовтың әзіл-оспақтары шектен шығады. Кеше онымен жеке сөйлесіп, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен басымдығын түсіндірдім. Бапкермен жұмыс туралы да сөйлестік. Оған айыппұл салынды", - деді футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов.

Желі оқырмандары да айыппұл салынғаны дұрыс десіп, қолдау білдіруде. “Осындай тілге  жаны ашымайтын бапкер кімге керек”, “қайтсын еліне”, “дұрыс болған”, “орнын босатсын” деп пікірлерін қалдыруда.

Еске салайық, бұған дейін, Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіге "сен француз тілінді сөйлеп тұрсың ба", деген еді.