«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды — Kazface.kz
Жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды

Жұлдыз ОРАЗХАН

«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиев ұсталды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.

Ведомство мәліметінше, 11 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі аталған компаниялардың басшыларын және өзге де тұлғаларды сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұстаған.

«Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге мәліметтер жария етілмейді», делінген ҰҚК хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық істің өзге мән-жайлары әзірге жарияланған жоқ.