Қоғам

Черчесов кетуі мүмкін

Черчесов кетуі мүмкін

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен босатылатындығы туралы 23 желтоқсан күні белгілі қазақстандық комментатор Ермұхамед Маулен telegram каналында жазды, деп хабарлайды KazFace.kz.

“Станислав Черчесов жаңа президенттің шешімімен қызметтен кететін болыпты. Орнына 2 қазақстандық және 2 еуропалық маманның кандидатурасы ұсынылған. Қазір заңгерлер Черчесовтың келісім-шартын қалай үзсек деп зерттеп жатыр”, — деп жазды Маулен өзінің Telegram-арнасында.

Футбол жанкүйерлері бұл жаңалыққа қуанышты. Оны жазба астында қалдырған пікірлерінен түсіндік.

“Урааа”, “Осы күнге де жеттік ау”, “Дұрыс болған”, “Жаңа жылға керемет сыйлық болды”, - деп ойларын жазуда.

Станислав Саламовичтің басшылығымен ұлттық команда Ұлттар Лигасында алты матч өткізді, олардың бесеуінде жеңіліп, жалпы есеп бойынша 0:15 болды, тек Норвегиямен ойында үйде 0:0 тең ойын нәтижесі тіркелді. Қараша айының ортасында Қазақстан құрамасы тіпті теориялық тұрғыдан да «В» дивизионында қалу мүмкіндігін жоғалтып, «С» дивизионына түсіп кетті.

Еске салсақ, Черчесовтың бұған дейін БАҚ өкілдерімен болған бірнеше кикілжіңдері желіні шулатты. Мысалы, қазан айында бір журналист Черчесовқа қазақ тілінде сұрақ қойғанда, ол оған: «Қазір французша сөйлеп тұрсың ба?» деп жауап беріп, басы дауға қалғандығы туралы айтылған еді.