Жаңалықтар

Каспий теңізіндегі оқиға: 12 әскери қызметші көз жұмды

Каспий теңізіндегі оқиға: 12 әскери қызметші көз жұмды

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Маңғыстау облысы аумағындағы Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы жағдайдан қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12 адамға жетті. Қалған екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігі хабарлады, деп хабарлайды KazFace.kz.

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің аты-жөндері:

1. Аға лейтенант Олжас Мұхтарұлы;
2. м/қ матрос Сержан Талғатұлы Аяпберген;
3. м/қ матрос Өмірбек Өмірболатұлы Өмірзақ;
4. м/қ матрос Алмас Жүсіпұлы Көбенов;
5. м/қ матрос Ақылбек Қабденұлы Төлеген;
6. м/қ матрос Жеңіс Тлеуұлы Темірғалиев;
7. м/қ матрос Мейрамбек Ермұханұлы Бердіханов;
8. м/қ матрос Әсет Саматұлы Жаңабай;
9. м/қ матрос Азамат Болатбекұлы Мәдіхан;
10. м/қ матрос Дастан Нұрболұлы Бегей;
11. м/қ матрос Ақжайық Болатбекұлы Гилаж;
12. м/қ матрос Олжас Тәжібайұлы Диханбаев.

Еске салайық, қайғылы оқиға 24 қыркүйекте оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің оқу-жауынгерлік тапсырманы орындауы кезінде болған. Жағалау аумағында ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан әскери қызметшілерді теңізге ағызып әкеткен.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, барлығы 19 әскери қызметші теңізде қалған. Үшеуін құтқарушылар аман алып шыққан. Олардың біреуі медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнына Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери-теңіз күштері, төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылды.

Қорғаныс министрлігінің жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.