Билік

Жигули Дайрабаев сотта жеңілді

Жигули Дайрабаев сотта жеңілді

7 маусымда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының судьясы Сержан Қалқабаев Жигули Дайрабаевқа Меркі ауылындағы үйді заңсыз сату ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды KazFace.kz. 

Сот Саят Рузиев тарапының талап арызын толығымен қанағаттандырды. Рузиевтің бұрынғы әйелі мен Дайрабаевтың арасындағы сату - сатып алу келісімінің күшін жойып, үйді бірлесіп сатып алынған мүлік деп тану және Саит Рузиевтің ондағы үлесін Заңнамаға сәйкес анықтау туралы шешім қабылдады. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ және Дайрабаев тарапына апелляциялық шағым түсіруге бір ай уақыт бар.

Дегенмен, іспен таныс кейбір сарапшылардың пікірінше, апелляциядан жеңіске жету мүмкіндігі аз. Өйткені, Рузиев тарапының дәлелдері заң тұрғысынан ешқандай қатесіз болып отыр.