Жолдағы жаңа камера белбеу мен телефонды анықтайды
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Енді Елордада автокөлік жүргізушілері белдік тақпай, қолында телефон ұстаса, оны жаңа камера бақылайды деп, хабарлайды
KazFace.kz «Бұлар халықтың ақшасын қалай жеуді ғана ойлайды», «бар ақшамыз осыған кетеді енді, одан да жолды жөндесе болады ғой», «жүргізушілер жолға қарай ма? Әлде камера аңди ма?». Бұл желі қолданушыларының жаңа камера жайлы пікірі. Олар жаңашылдық қарапайым халықтың қалтасын қағады десуда. Ал, жауаптылар бұл шара бас қаладағы жол көлік қозғалысын жақсарту әрі қауіпсіздікті арттыру үшін жасалуда деп сендіруде. Жоба жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, іске қосылмақ.
Камера Ш. Айтматов көшесі бойынша Қорғалжын тас жолы жағынан Қ. Мұхамедханов көшесіне қарай орнатылуда. Астана әкімдігінің цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы бұл әзірге пилоттық жоба екенін айтуда. Сондай ақ жобаның пилоттық кезеңінде жүргізушілерге қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылмайды.
Жасанды интеллект көлік жүргізушісінің кез келген қозғалысын қалт жібермейтін көрінеді. Олар, жолдағы кері қозғалыс, бір жақты жолақ бойынша қозғалыс ережелерін сақтамау, тұрақ ережелерін бұзу, қатты сызықтың қиылысы, Қос қатты сызықтың қиылысы, қарбалас қиылысқа кіру, көлік құралының қозғалыс жолақтарында бұрылу ережелерін бұзу,автобус жолағы, түтінді көлік, бағдаршамның қызыл шамына өтуі, көлік құралын жақындату, қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізуші, жүргізушінің телефонмен сөйлесуі.
Жалпы Астана қаласы бойынша бес мыңға жуық камера орнатылған. Оның тең жартысы Сергек камерасы. Ал, жаңа пилотты жоба тіпті өзгеше. Автоураган, Крис-п, Спутник сынды камералардан басып озбақ.