Жетісу облысында медицина қарқынды дамуда

Облыс құрылған үш жыл ішінде 81 елді мекенге жаңа медицина нысандары ашылып, дәрігер тапшылығы 20,3%-ға азайды. Биыл тағы 72 елді мекенде емдеу мекемелері бой көтереді, деп хабарлайды KazFace.kz.
“Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту” жобасы аясында 15 нысан салынды, 44-інің құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар, 7 нысан күрделі жөндеуден өтті, биыл тағы жетеуі жөнделеді. Жаңа нысандардың есебінен бейімделген ғимараттар саны 209-дан 127-ге азайды.
Дәрігерлерге ауылға барса – 10 млн, қалаға – 5 млн теңге көтермеақы төлеу жүйесі енгізілді. Нәтижесінде кадр тапшылығы 202-ден 161-ге қысқарды.
Талдықорғанда 200 орынды онкодиспансер, ал Үштөбеде демеушілер есебінен 50 орынды амбулатория салынуда. Облыста күрделі оталар жасалып, жасанды интеллект қолданылып жатыр. Балаларға арналған “Қамқорлық” оңалту орталығы жұмыс істеп тұр.
Жедел жәрдем көліктері жаңартылып, үш жылда 133 көлік алынса, биыл тағы 29 көлік жеткізіледі.