Жарысқа бара жатқан спортшылар көлігі аударылды

Жасөспірім спортшылар мінген шағын автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды KazFace.kz madeniportal.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай жол апаты 18 сәуір күні түнде “Шідерті–Ерейментау–Астана” тас жолында орын алған. Балалар 14-16 жасар. Яғни кәмелет жасқа толмаған. Олар Астанадағы жарысқа үлкендердің қарауынсыз жіберілген.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жас спортшылар Астана қаласында өтетін футбол жарысына қатысу үшін жолға шыққан. Алайда жолда автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік апатқа ұшыраған. Оқиға орнында жаттықтырушы көз жұмды, ал автобус ішіндегі 16 жасөспірім түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Қазір олардың жағдайын дәрігерлер жіті бақылауда.
Бұл жағдай қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызуда. Жас спортшылардың амандығын тілеген жұртшылық оқиғаның әділ тергелуін сұрап отыр.
Құзырлы органдар жол-көлік оқиғасына не себеп болғанын анықтап жатыр.