Қоғам

Жаппай оқушылар улануы: кінәлілар жазаланды

Жаппай оқушылар улануы: кінәлілар жазаланды

Маңғыстау облысында №8 мектептегі жаппай улану оқиғасына байланысты асхана меңгерушісі Даметкен Шакенова бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл бойы қоғамдық тамақтану саласында кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айырылды.

Өткен жылдың 6 қыркүйегінде Бесшоқы ауылындағы мектепте 460 оқушы улану белгілерімен ауруханаға түскен болатын. Тексеру барысында мектеп асханасынан ішек таяқшалары, 12 қызметкерден стафилококк инфекциясы және ыдыс жуушыдан дизентерия табылған.

Бұл оқиға мектеп асханаларындағы санитарлық талаптардың қатаң бақылауын қамтамасыз ету қажеттігін көрсетті.