Жаңалықтар
24-го февраля 2022 г. 05:41
Украина президенті Владимир Зеленский елдің барлығ аумағында соғыс жағдайы енгізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің ресми Telegram-арнасында айтты.
"Біз Украина аумағында соғыс жағдайын енгіземіз", - деді Зеленский халқына жолдаған бейнеүндеуінде.
Украина президенті ресейлік әскерилердің бірнеше нысандарға соққы жағасанын қосып өтті. Сонымен қатар тұрғындардан сабыр сақтап, үйде қалуды сұрады.
Айта кетейік, бұған дейін Путин Украина арнайы операция жүретінін мәлімдеген. Бұдан кейін Украинаның бірнеше қаласында жарылыс дауыстары естілген.