Жаңалықтар

Жаңа туған нәрестені 1,5 миллион теңгеге сатқан

Жаңа туған нәрестені 1,5 миллион теңгеге сатқан

Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының екі акушер дәрігері жаңа туған нәрестені сатып жіберген. 

Арнайы іс-шараларды өткізу барысында 2023 жылғы 12 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері Тараз қаласының прокуратурасымен бірлесіп күдіктілерді ұстаған.

- ҚР ҚК 135-бабы 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жамбыл облысы ПД қызметкерлері жедел-іздестіру іс - шараларын жүргізу кезінде Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының екі акушерін анықтап, ұстады", - деп хабарлады өңірдің полиция департаменті. 

Жүргізілген тергеу іс-шаралары барысында Тараз қаласының 39 жастағы тұрғыны жаңа туған қызды акушерлерден 1,5 миллион теңгеге сатып алғаны анықталды. Медицина қызметкерлері уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ал, нәресте Тараз қаласының сәбилер үйіне орналастырылды. Сатып алушы әйелді қолхатпен босату түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары әлі жалғасуда.