Жамбыл Ахметбеков: "Партия ыдырап бітеді"
Мәжіліс депутаты болған, екі рет президент сайлауына түскен Жамбыл Ахметбеков Қазақстан халық партиясы құрамынан шықты.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Жамбыл Ахметбековтың айтуынша, партия басшылығы кәсіби емес, сондықтан оларды қабылдамайды.
Біздің команда партияны үш рет ҚР Парламенті Мәжілісіне әкелді. Партияның жаңа басшысы кезінде ҚХП дәл осындай нәтижеге қол жеткізетініне күмәнім бар. Мен қарапайым қазақстандықтар үшін игілікке бағытталған партияның қағидаттары мен бағдарламасын толық қолдаймын, бірақ партияның қағидатсыз және кәсіби емес жаңа басшылығын мүлдем қабылдамаймын. Мен олармен жұмыс істей алмаймын және бір партияда тұра алмаймын. Партия ыдырап бітеді, - деп жазды ол.
Сонымен қатар, Қазақстан халық партиясы алдағы Мәжіліс сайлауында жеңілетінін де жазған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ерлан Смайылов пен Ғазиз Құлахметов те Қазақстан халық партиясы құрамынан шыққанын хабарлаған еді.