Жаңалықтар

Жалған ақпарат таратқан блогерлер жазаланады

Жалған ақпарат таратқан блогерлер жазаланады

Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА

Қыркүйек айынан бері жалған ақпарат таратқан блогерлер мен инфлюэнсерлерге қатысты 150 оқиға тіркелген, деп хабарлайды KazFace.kz. ҚР мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. 

ҚР «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңға сәйкес, құқық бұзушылықтар анықталып, дәлелденсе 20-дан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төленуі тиіс. Ал бір жыл ішінде бұндай оқиға қайталанса, жауапқа тартылған азаматтар 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. 

Сондай-ақ жыл қорытындыларын келтірген Аида Балаева 2024 жылы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында креативті индустрия орталықтары мен хабтарын ашу жоспарланып отырғаны туралы айтты. 

“Креативті индустрияның орталықтарын құруды мынау біздің казпочта деген ұйым бар емес пе олар енді шалғай аудандарда да филиалдарының кішігірім болса да ғимараттары бар. Соның жаңағы базасында да ұйымдастырамыз ба деп отырмыз. Бұл енді экономиканың бір жаңа бағыты боп отыр ғой. Сондықтан министрліктің жанынан арнайы департамент құрылды”, - деді министр.