Жаңалықтар

Заңсыз ойын бизнесі үшін БАӘ-ден экстрадицияланды

Заңсыз ойын бизнесі үшін БАӘ-ден экстрадицияланды

Қазақстан азаматы Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен  Қазақстан Республикасына экстрадицияланды,- деп хабарлайды KazFace.kz.

Бас прокуратура мен қаржы мониторингі агенттігінің ақпараты бойынша, ол 2023-2024 жылдар аралығында Атырау облысында заңсыз букмекерлік кеңсе құрды деп күдіктеліп, одан 21 млн теңге көлемінде пайда тапқан.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеу жарияланды. Ағымдағы жылдың тамыз айында ол Абу-Дабиде ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.

Бұрын ол осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған. Қазіргі уақытта айыпталушы Астана қаласының тергеу изоляторында. Айыпталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.