Қызылордалық полиция майоры 1,5 жылға сотталды
Бұрынғы жұбайымен жанжал кезінде ол оны қатты ұрғаны соншалық, әйел қорқып, үшінші қабаттың балконынан секіріп кеткен. Нәтижесінде әйелі мүгедек арбасына таңылып қалды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Іс материалдарына сәйкес жәбірленуші мен сотталушы бұрын некеде болған, бірақ кейін ажырасқан. Бірақ олар жалдамалы пәтерде бірге тұрған. Әйелі күйеуінің телефонын алып, тексерген кезде үлкен жан жал туындаған екен.
"Сотталушы қатты ашуланып, әйелді аяусыз ұрды. Ұрып-соғу кезінде ол еденге бірнеше рет құлады. Содан кейін ол бөтелкені алып, басынан шыны бөтелкемен ұрып, ұялы телефонын алып кеткен. Жәбірленуші өз өміріне қауіп төніп тұрғанын сезіп, ұрып-соғудан аулақ болуға тырысып, қонақ бөлмесіндегі лоджиядан өз еркімен секірген. Нәтижесінде оның денсаулығына ауыр зиян келтірілді, I топтағы мүгедектік анықталды. Сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамады. Сот-медициналық сараптаманың 2022 жылғы қорытындысына сәйкес жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілгені анықталды", - деді № 2 қалалық соттың әкімшісі Мәдина Жүсіпбекова.
Жәбірленуші қатаң жаза тағайындауды, 5 млн теңге көлемінде материалдық залалды және 100 млн теңге мөлшерінде моральдық залалды өндіріп алуды сұрады. Сот оны ҚК-нің 105-бабының 1-бөлігі "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша кінәлі деп танып, ҚК-нің 49-бабының негізінде "майор" атағынан айыра отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.
Азаматтық талап бойынша 4 054 181 теңге мөлшерінде материалдық залал және 5 млн теңге мөлшерінде моральдық залал өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.