Жаңалықтар
20-го января 2025 г. 17:50
Көлік министрлігі мәліметінше, наурыз айынан бастап «Air Astana» әуекомпаниясы жаңа рейстер ашады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Вьетнамға аптасына 4 рет Алматы-Нячанг және аптасына 3 рет Астана-Нячанг бағыты бойынша және аптасына 3 рет Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша Қытайға жаңа маршрут ашады.
Көктемгі-жазғы маусымнан бастап «Air Cairo» әуекомпаниясы аптасына 1 рет жиілікпен Қостанай-Шарм-эль-Шейх және аптасына 2 рет Алматы-Хургада бағытында рейс ашуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ Алматыдан Эль-Аламейнге аптасына 1 рейс қайта бастау жоспарлануда.