ХҚКО қызметкерлері 700 млн. теңгені жымқырды
Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА
Көкшетауда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысшылары ұсталды, - деп хабарлайды KazFace.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің департаментіне сілтеме жасап.
Агенттік мамандары Еуропадан әкелінген 100-ден астам автокөлік құралын алғашқы тіркегені үшін алым төлеу туралы жалған төлем тапсырмаларын беру фактілерін анықтады. Келтірілген шығын көлемі 700 млн. теңгеден астам.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп - тексеру басталды және күдіктілерге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, - деді ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Айта кету керек, бұзушылықтар анықталғаннан кейін “Азаматтарға арналған үкімет” қызметкерлері ІІД ҚР ішкі істер министрлігіне қызметтік жазба жіберген. Бұл жазба кейіннен Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің атына қарауға жіберілді.